ПОУРОЧНЫЕ ПЛАНЫ ПО ХИМИИ
НА КАЗАХСКОМ ЯЗЫКЕ (8 класс)

Поурочные планы по химии для 8 класса на
казахском языке.

Поурочные планы на по химии для 8-го класса на казахском языке

Вы можете купить эту версию поурочных планов за 3 у.е.

Для этого нужно щелкнуть по ссылке "КУПИТЬ" и отправить SMS на указанный номер. В ответ Вам будет выслан пароль, который разрешит закачку.

 

     Список тем:

 

  1. Химия пәні. Заттар және олардың физикалық қасиеттері.
  2. Таза заттар және қоспалар.Заттарды қоспадан бөлу және тазарту.
  3. Заттарды қоспадан бөлу және тазарту.
  4. Физикалық және химиялық құбылыстар. Химиялық реакциялардың белгілері.
  5. №3 практикалық жұмыс. Ластанған тотияйынды тазарту және қайта кристалдау.
  6. Атомдар және молекулалар Жай зат, күрделі заттар.
  7. Химиялық элементтер,олардың таңбалары.
  8. Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массалары.
  9. Химиялық формулалар. Заттың салыстырмалы молекулалық массасы.
  10. Химиялық формула бойынша есептеулер.
  11. Химиялық элементтердің валенттілігі.
  12. Элементтердің валенттіліктері бойынша химиялық қосылыстардың формуласын құру.
  13. Химияның стехиометриялық заңдары.
  14. Химиялық реакция теңдеулері .
  15. Зат массасының сақталу заңы.
  16. Атом – молекулалық ілім.
  17. Зат мольшері, Моль, Авогадро саны, Молярлық (мольдік) масса.
  18. Химиялық реакцияның типтері.
  19. Химиялық реакцияның типтері.
  20. Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер.
  21. Бастапқы химиялық ұғымдар тақырыбы бойынша бақылау жұмысы №1.
  22. «Бастапқы химиялық ұғымдар» тақырыбын қорытындылау.
  23. 8-сынып Бақылау жұмысы
  24. 8-сынып Бақылау жұмысы
  25. Оттек. Оттектің табиғатта кездесуі.
  26. Оттегінің физикалық қасиеттері, зертханада және өндірісте алу.
  27. Оттектің химиялық қасиеттері. Жану.
  28. «Оттегін алу және оның қасиеттері»
  29. Оксидтер. Олардың аталуы. Тотығу.
  30. Оттегінің табиғаттағы айналымы. Оттегінің қолданылуы.
  31. Озон. Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі. Озонның табиғатта таралуы.
  32. Ауа және оның құрамы.
  33. Химиялық реакцияның жылу эффектісі.
  34. Оттек. Оксидтер. Жану тақырыбы бойынша бақылау жұмысы №2.
  35. Су адам өмірінде. Табиғаттағы су. Қолданылуы. Су –еріткіш. (2с)
  36. Ерітінділердің концентрациясы. Еріген заттардың массалық үлесі. (молярлық концентрация)
  37. Таразымен жұмыс істеп үйрену.
  1. Еріген заттың белгілі массалық үлестері бар заттың ерітінділерін дайындау.
  2. Судың құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері.
  3. Негіздердің құрамы және жіктелуі. Негіздердің химиялық қасиеттері және қолданылуы. (2с)
  4. Бейтараптану реакциясы.Сілтілермен жұмыс істегендегі сақтық шаралары.
  5. Оксидтердің жіктелуі,аталулары мен алу жолдары.
  6. Негіздік, екідайлы және қышқылдық оксидтердің химиялық қасиеттері және қолданылуы.
  7. Негіздердің жіктелуі, аталуы, алынуы мен химиялық қасиеттері.
  8. Қышқылдардың, жіктелуі алынуы, химиялық қасиеттері мен қолданылуы
  9. Тұздардың жіктелуі мен алынуы. Химиялық қасиеттері мен қолданылуы.
  10. Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар.
  11. №7– практикалық жұмыс.
  12. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарын қорытындылауға арналған эксперименттік есептер.
  13. Бейорганикалық қосылыстар класы бойынша қайталау.
  14. Бақылау жұмысы.
  15. Химиялық элементтерді жіктеудегі алғашқы қадамдар.
  16. Элементтердің табиғи ұяластары және олардың қасиеттері.
  17. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы.
  18. Атом құрылысы. Атом ядросының құрамы, изотоптар.
  19. Электрондардың атомдарда орналасуы. Энергиялық деңгейлер.
  20. Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі. Периодтық заңның маңызы.
  21. Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысы тұрғысынан элемент және оның қосылыстарының сипаттамасы.
  22. Д. И. Менделеевтің ғылыми жетістігі. Периодтық заңның маңызы.
  23. Химиялық элементтердің электртерістігі.
  24. Химиялық байланыстың негізгі түрлері. Ковалентті полюсті және полюссіз байланыстар.
  25. Иондық байланыс.
  26. Кристалл торлары.
  27. Тотығу дәрежесі. Тотығу-тотықсыздану реакциясы.
  28. Заттардың құрылысы, химиялық байланыстар, тотығу дәрежесі, тотығу-тотықсыздану реакциясы тақырыбына бақылау жұмысы.

 


Пример разработки урока:

 


  • Сабақтың тақырыбы: "Электрондардың атомдарда орналасуы. Энергиялық деңгейлер."
  •  

Оқыту мақсаты:

Атом қабаттарына электрондарды толтыру заңдылығы, электрондық деңгейлер,олардың периодқа байланысты екенін түсіндіру. Электрон қабаттарының өзгеруіне байланысты элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттері периодты және секірмелі түрде өзгеретінін түсіндіру.Зат құрылысының және элементтің химиялық қасиетінің табиғи заңдылығын нақтылай отырып,оның себебін түсіндіру. Материя құрамындағы ортақ заңдылықтар туралы мағлұматтар беру.

 

Құрал – жабдықтар:

Химиялық элементтердің периодтық жүйесі,екінші период элементтерінің атом құрылысы туралы кесте.

 

Тірек білім мен біліктер:

Атом,атом ядросы,электрон,реттік нөмірдің физикалық мәні туралы білім.
 

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

 

Оқушылардың білімін тексеру. Оқушылармен мына сұрақтар талданады:

 

  1. Атомдар қандай бөлшектерден тұрады?
  2. Изотоп деген не?
  3. Реттік нөмірдің физикалық мәні неде?
  4. Элемент және оның қосылыстарының химиялық қасиет,і элементтердің оксидтеріндегі валенттілігі, бейметалдардың сутегімен қосылыстарындағы валентігі қалай өзгереді?
     

Екінші период элементтерінің құрамы тақтаға ,оқушылар дәптеріне жазады?

 

поурочные планы по химии на казахском языке 8 класс

 

Оқушылар атом ядросының заряды элементтің реттік нөмірі қанша өскен сайын электрон қабатындағы электрон саны да,сонша өсетіндігі туралы білімдерін бекітеді.


Жаңа сабақ. Бұдан соң атомдағы электрондар ядродан әр түрлі қашықтықта орналаса отырып, электрон қабаттарын түзетіндігі жайлы айтып өткен жөн.Электрон қабаттары энергиялық деңгейлер деп те аталады.


Оларды ядродан бастап 1,2,3,4,5,6,7,деп нөмірлейді,немесе K,Z,M,N,O,P,Q әріптерімен белгілейді.
Атомдағы электрондарда түрлі энергия қоры болады,оны электрондар квант деп аталатын кесінді үлеспен сіңіреді немесе бөліп шығарады. Деңгейдің нөмірін көрсететін бүтін п саны негізгі кванттық сан деп аталады. Ол берілген энергиялық деңгейдегі электронның энергиясын көрсетеді. Ядроға ең жақын бірінші энергиялық деңгейдегі электрон энергиясы ең аз мөлшерде болады. Бірінші энергиялық деңгейдегі электронмен салыстырғанда қалған деңгейдегі электрондардың энергия қоры көп болады.Осыған орай сыртқы қабаттағы электрондардың ядромен байланысы әлсіз. Атомдағы энергиялық деңгейдің саны,осы элемент тұрған периодтың нөміріне сәйкес келеді:
 

1-период элементтеріне бір энергиялық деңгей,
2-периодта – екі,
3-периодта – үш т.с.с.
 

 Энергиялық деңгейдегі болатын электрондардың ең жоғары саны мына формуламен өрнектеледі: N = 2n2. N-электрон саны, п-деңгей саны(ядродан бастап санағандағы) немесе негізгі квант саны.
Осы формулаға сәйкес бірінші энергиялық деңгей де

 

п=1; 2∙12=2 электрон,
п=2; 2∙22=8 электрон,
п=3; 2∙32=18 электрон,
п=4; 2∙42=32 электрон.
 

Осыдан кейін оқушыларға оқулықтағы кестені пайдаланып, алғашқы 20 элементтің электрондық қабаттарының құрылысы түсіндіріледі.(Оқушылар дәптерлеріне жазып отырғаны жөн).


Бірінші энергиялық деңгейге екі электроннан артық сыймайтындығына назар аударамыз (Мысалы, Н атомында 1-электрон, Не атомында 2-электрон бар). Сондықтан 1-ші периодта екі элемент бар.Осы формулаға сүйене отырып, 2-ші периодта – 8, 3-ші периодта – 18 элемент болатынын оқушылар есептеп табады да, Li-ден, Ne-ға дейінгі элементтердің энергиялық қабаттарында электрондардың орналасуын жазады. Үшінші энергиялық деңгейді электрондар- мен толтыру алғашқы қабаттарға қарағанда өзгеше болатынына көңіл аударылады.


Алғашқыда оған 8 электрон орналасады: натрийден (бір электрон) аргонға дейін (8 электрон), мұнан соң үшінші қабатты электронмен толтыру уақытша тоқталады. Калийдегі 19-шы, кальцийдегі 20-шы электрондар төртінші деңгейде болады.
Бұл элементтердің атом құрылысының сызбанұсқасы:
 

+19К 2е,8е,8е,1е;
+20Са 2е, 8е, 8е, 2е;
 

Скандий элементінен бастап (№21), мырыш элементіне (№30) дейін электрондар қайтадан үшінші энергиялық деңгейге орналасады, ал төртіншіде екі электрон сақталады, сызбанұсқасы:

 

+21Sc 2e,8e,9e,2e;
+30Zn 2е,8е,18е,2е;
 

Галий элементінен бастап(№31) электрондар төртінші энергиялық қабатқа орналаса бастайды. Ол 4-ші периодтың соңғы элементі криптонға дейін сақталады.
 

Сабақ соңында мынадай қорытынды жасаған жөн: элементтердің қасиеттерінің периодты өзгеруі атомдардың сыртқы электрондық қабаттарындағы электрон сандарының қайталануымен түсіндіріледі, бір периодта әрбір жаңа электрондардың қосылуынан қасиеттердің күрт өзгерісі байқалмайды,ал жаңа электрон қабатында келесі электронның пайда болуы элементтер қасиетінің секірмелі өзгеруіне әкеледі (күрт өзгертеді). Диалектиканың санның сапаға көшу заңдылығының дәлелі.
 

Электрон қабаттарының құрылысы жайлы оқушылар білімін және құрылыс сызбанұсқасын жазу білігін бекіту үшін жаттығу жұмыстары орындалады.

1-нұсқа. 5-56 а,б, 5-78, 5-61; 2-нұсқа. 5-56 ә,в, 5-79, 5-62; 97-99беттер.

Оқытудың жоспарланған нәтижесі: Оқушы алғашқы 1-3 период элемент атомдар арасындағы электрон қабатын толтыру заңдылығын түсіндіре білу,элементтің реттік саны өсуіндегі қасиеттерінің біртіндеп және секірмелі түрде өзгеру себептерін айтып беруі қажет. Сөйтіп оқушылар зат құрылысының табиғи заңдылығын түсіне бастайды. Химиялық қасиеттері энергиялық деңгейлерде электронның орналасуына тәуелді екенін түсінулері қажет.

Үйге тапсырма: §56,(1-8) Жұмыс дәптері.
Есептер мен жаттығулар жинағы. 5-69,5-70,5-71,5-73, 98-99 беттер.
 



Купить планы по химии для 8 класса за СМС    Цена: 3 у.е.
 

 

 

Ещё поурочные планы

 

 


Наверх

  •  
  •  

Copyright © 2008

Rambler's Top100     Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта