ПОУРОЧНЫЕ ПЛАНЫ
казахская литература (8 кл)

Поурочные планы по казахской литературе
для 8 класса.

Поурочные планы на по казахской литературе для 8-го класса.

Вы можете купить эту версию поурочных планов за 3 у.е.

Для этого нужно щелкнуть по ссылке "КУПИТЬ" и отправить SMS на указанный номер. В ответ Вам будет выслан пароль, который разрешит закачку.

 

     Список тем:

 

  1. Кіріспе.
  2. Лиро-эпостық жырлар.
  3. «Қыз Жібек».
  4. «Қыз Жібек».
  5. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу».
  6. «Абай Құнанбайұлы»
  7. «Қара сөздер»
  8. «Сегіз аяқ»
  9. «Он жетінші қара сөз»
  10. Жамбыл Жабаев
  11. «Сұлтанмахмұт Торайғыров»
  12. «Шілде»
  13. «Шәкәрім Құдайбердіұлы»
  14. «Адамдық борышың»
  15. «Шәкәрім - философ»
  16. Тіл дамыту
  17. Мағжан Жұмабаев
  1. Сәкен Сейфуллин.
  2. «Аққудың айырылуы»
  3. «Аққудың айырылуы»
  4. Мұхтар Әуезов
  5. «Татьянаның қырдағы әні»
  6. «Татьянаның қырдағы әні»
  7. «Татьянаның қырдағы әні»
  8. «Өлімді жеңген ана».
  9. «Өлімді жеңген ана».
  10. Бердібек Соқпақбаев.
  11. «Өлгендер қайтып келмейді».
  12. Мұқағали Мақатаев.
  13. Мұқағали Мақатаев. «Өмір жайлы».
  14. Олжас Сүлейменов.
  15. Олжас Сүлейменов.
  16. Қадыр Мырза Әли. «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру».
  17. Қадыр Мырза Әли. «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру».

 


Пример разработки урока:

 


  • Урок 8.  «Сегіз аяқ»
  •  

Мақсаты: Абайдың шығармашылығымен таныстыруды жалғастыру

Міндеттері: Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: оқулық

Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу, кезекші мәліметін тындау.

• Үй жұмысын қайталау: «Қарасөздер» туралы конспект бойынша әңгімелеу .
• Абай деген кім? Класстер бойынша әңгімелеу
«Сегіз аяқ» (1889) – Абайдың заман, дәуір, оынң адамдары жайлы ой толғанысының жаңа бір көрінісі және мазмұнына сай, аса көркем жазылған шығарма. Өлеңнің Абай өзі шығарған әні бар. Кезінде ол сол ән арқылы кең тараған. Өз шығармасында халқын еңбекке үндейді, өтірік, ұрлық, зорлыққа қарсы шығады. Халқының басындағы ауыртпалықты сейілтуге , оны жақсылық жолына салуға, білімге тартуға шақырады. «Сегіз аяқтағы» Абай мұны мен зары, түптеп келгенде, дәуір мен халық қайғысына тіреледі. Абай соның бәрін жиып, өз атынан, өзі басынан кешкен сезім арқылы айтты. «Ұлы талант иесінің бойында жеке басы сезімінің мол болып келуі – адамгершіліктің белгісі» - деген еді Белинский.

«Сегіз аяқ»


Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған;
Қиудан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған.
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар баһра ала алмас.
Қиналма бекер, тіл мен жақ,
Көңілсіз құлақ- ойға олақ.
Басыңда ми жоқ,
Өзіңде ой жоқ
Күлкішіл кердең наданның
Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болады.-
Әдеті надан адамның
Бойда қайрат, ойда көз
Болмаған соң, айтпа сөз.
Қайнайды қаның,
Ашиды жаның
Мінездерін көргенде;
Жігерлен, сілкін,
Қайраттан, беркін.
Деп насихат бергенде;
Ұятсыз, арсыз салтынан
Қалғып кетер артынан.
Аулаққа шықпай,
Сыбырлап бұқпай,
Мейірленбес еш сөзге;
Пайдасыз ақыл,
Байлаусыз тақыл,
Атадан бала ойы өзге;
Санасыз, ойсыз, жарым ес,
Өз ойында ар емес.
Тасыса өсек,
Ысқыртса кесек,
Құмардан әбден шыққаны;
Күпілдек мақтан,
Табытын қаққан
Андығаны, баққаны;
Ынсап,ұят,терең ой
Ойлаған жан жоқ, жауып қой.
Болмасын кекшіл,
Болсайшы көпшіл,
Жан аямай кәсіп қыл;
Орынсыз ыржаң,
Болымсыз қылжаң,
Бола ма дәулет, нәсіп бұл?
Еңбек қылсаң ерінбей –
Тояды қарның тіленбей.
«Сегіз аяқ » - үзіндісімен таныстыру, мәнерлеп оқыту, жазылу тітінің ерекшелігіне назар аударту.
Үзіндісін жазып алу (дәптерге) мағынасын түсіндіру

Сөздік жұмыс
Мінез- характер
Насихат- агитация
Құмар- желание, наслаждение
Дәулет- достаток


- Үйде : үзінді жаттау
- Бағалау, қоштасу.


Купить планы по казахской литературе для 8 класса за СМС    Цена: 3 у.е.
 

 

 

Ещё поурочные планы

 

 


Наверх

  •  
  •  

Copyright © 2008

Rambler's Top100     Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта